Премьер-министрдің айтуынша, еуропалық әріптестер Брекзитке қатысты келіссөздер жүргізуге дайын екенін хабарлаған. Ұлыбританияның еуропалық одақтан шығу процесі ресми түрде наурыз айының аяғында басталады.
2016 жылы маусымда Ұлыбритания тұрғындары Еуроодақтан шығуды қолдады. Биыл ақпанның ортасында Қауымдар палатасы үкіметке Брекзит жөнінде келіссөздер бастауға құқық беретін заң жобасын мақұлдады. Құжат Лордтар палатасына жолданып, жоба бірқатар түзетулермен қабылданды.
Заңның түпкілікті нұсқасы наурыз айының аяғына таман қабылданады деп жоспарланған.