Басты бетЖаңалықтарСерік Күдебаев...

Серік Күдебаев Ыстамбұлға ұшып кетті: бас прокуратура қылмыстық іс қозғады

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Қазақстанның сот төрелігінен шетелге қашқан Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің маңыздылығын ескере отырып, істі бас прокуратура өз бақылауына алды. Іздеу жұмыстарына ең тәжірибелі қызметкерлер тартылған. Қырғызстанға сұраныс жібердік, енді бірлескен іздестіру шараларын жүргіземіз. Қырғызстандық әріптестеріміздің мәліметінше, Күдебаев оларға жетіп, Манас әуежайынан Ыстамбұлға ұшып кеткен. Олар бұл ақпаратты қазір беріп жатыр. Түркиямен келісіміміз бар, қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз. Біз барлық ақпаратты бере алмаймыз, адам қашып жүргендіктен, бұл тергеуге зиян тигізуі мүмкін, — деді Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.