Қазақстанда сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 30%-ке өсті. Бұл туралы КТК хабарлады.
Маңғыстау облысында бір жыл ішінде сүт өнімдері 42%-ке дейін қымбаттаған. Қызылорда облысы мен Астана қымбатшылық үштігін түйіндейді. Былтырғымен салыстырғанда 32-33% аралығында айтарлықтай айырмашылық байқалады. Алматыда сүт өнімдері қатты қымбаттамаған, Ұлытау және Ақмола облыстарымен бір қатарда тұр – 22-25%, — делінген хабарламада.