Басты бетЖаңалықтарЕлімізде 2-класс...

Елімізде 2-класс оқушылары ағылшын тілін оқымауы мүмкін

Қазақстанда 2-класс оқушыларының оқу бағдарламасынан ағылшын тілі алып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Құжатта 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-кластарда «Шетел тілі» пәні алып тасталатыны жазылған.

10-11-кластарда оқу жүктемесі қысқартылған үлгілік оқу жоспарларында «Шетел тілі» пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.

Түзетулер жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.