2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағыны 28 миллиард доллар болды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда (23,8 миллиард доллар) 17,7%-ке артық.
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы бұл көрсеткіш $28,9 миллиард долларға жетті, — делінген хабарламада.
Республикаға салынған инвестиция көлемі бойынша Нидерланды – 8,33 миллиард доллар (өсім 19,7%), АҚШ – 5,1 миллиард доллар (+81,9%), Швейцария – 2,8 миллиард доллар (+2,4%), Бельгия – 1,56 миллиард доллар (+46%), Ресей – 1,52 миллиард доллар (-19,7%) көш бастап тұр.
Өңірлер арасында шетел капиталын тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер:
Өңірлер арасында Атырау облысы – 8,2 миллиард доллар (+48%) және мегаполистер: Алматы – 7,57 миллиард доллар (+11%), Астана – 2,25 миллиард доллар (екі есе өсім) көш бастап тұр.
Шығыс Қазақстан облысына 2,2 миллиард доллар (+3%), Батыс Қазақстан облысына 1,12 миллиард доллар (+7%), Алматы облысына 698,2 миллион доллар (+47%) тартылды.