Басты бетЖаңалықтарДархан Қыдырәлі:...

Дархан Қыдырәлі: Netflix компаниясымен серіктес болуға мүдделіміз

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Netflix компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлерінің үкіметтерімен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Александр Лонгпен кездесті.

Бұл туралы министр Facebook-парақшасында жазды.

Кездесуде олар бірлескен ортақ жобалар жасау мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты.

Жалпы компанияның зор әлеуетін ескере отырып, серіктес болуға мүдделі екенімізді жеткіздім. Алдағы уақытта қазақстандық өнімдерді Netflix платформасында орналастыруға ниеттіміз. Александр Лонг мырзаға кейінгі жылдары сапасы артып, деңгейі өскен отандық сериалдар өндірісі туралы айтып бердім. Өздеріңізге белгілі, қазірде елімізде түсірілген сериалдар мен отандық контенттерге сұраныс артып, алыс-жақын шетелге сатыла бастады. Біз министрлік тарапынан сериалдарымызды халықаралық деңгейге шығару мақсатындағы жұмыстарды жалғастыра береміз, — деп жазды министр.