Эрика Жайлауова көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.
Спортты дамыту дирекциясынын мәліметінше, Болгария астанасы Софияда өткен көркем гимнастикадан халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Бұл сайыста өнер көрсеткен Эрика Жайлауова үздік үштіктен көрінді. Қазақстандық спортшы лентамен өнер көрсетуде финалға шығып, 29.350 ұпай еншіледі. Дегенмен Эрика ұршық, доп жаттығуларында 5-орынға тұрақтады.
Турнир қорытындысына сәйкес, украиналық Полина Хороднича 30.550 ұпаймен жеңіске жетсе, болгариялық Ева Брезалиева 30.300 ұпаймен «күміс» жүлде еншіледі.