Басты бет Жаңалықтар Бәйшешек жұлғандар жауапқа тартылады

Бәйшешек жұлғандар жауапқа тартылады

Бұдан былай бәйшешек жұлғандар жауапқа тартылады. Алматы облысының полициясы тұрғындарға осындай ескерту жасады.

Фото: Yandex.com

Қазіргі таңда Жетісу жерінде бәйшешектердің саны күрт сиреген.

«Көктем келісімен бəйшешекке қызығатындар көбейеді. Заңнамаларға сəйкес, гүлдің бұл түрін жұлуға тыйым салынады. Сондықтан өңірдің тəртіп сақшылары ерекше қорғалатын гүлге қамқорлық танытуды талап етеді», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қазір облыс полицейлері жəне табиғатты қорғау мекемелерінің өкілдері «Табиғат» алдын-алу шарасын өткізуде. Ол 6 сəуірге дейін жалғасады. Мұндай мақсатты рейдтер Жетісу өңірінің биологиялық əралуандығын сақтауға бағытталған.

Үш күннің ішінде  табиғатты қорғау заңнамаларын бұзған 22 дерек тіркелген. Оның біреуі бəйшешек жинаумен байланысты. Оқиға Талғар ауданында болған. Заңсыз гүл жинаған жергілікті  52 жастағы тұрғынның үстінен ҚР  ҚК 339-бабына сəйкес қылмыстық іс басталды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version