Басты бетЖаңалықтарПрезидент Гурбангулы...

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түрікменстан халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке анасы Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Анаңыз – қадірлі Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Огулабат эдженің өмір жолы өз Отанына және халыққа деген шынайы сүйіспеншіліктің, сондай-ақ даналықтың, рухани байлықтың және үлкен мейірімділіктің үлгісі саналады. Орны толмас қайғыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарыңызға көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовке көңіл айтты.