Басты бетЖаңалықтарҚазақстан пияз...

Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды.

Бұл ретте 8 сәуірден 28 сәуірге дейін арнайы бұйрықпен республика аумағынан Еуразия экономикалық одағының үшінші елдеріне тек 20 000 тонна мөлшерінде пияз (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге квота енгізілді.

Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауар әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол 500 тоннадан аспайды.

Қазақстан аумағынан тауар әкетуге арналған квота көлемін бөлу ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификат беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.