Биыл қандастар мен қоныс аударушыларды қабыладайтын өңірлер анықталды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы бойынша, биыл қандастар еліміздің мына сегіз облысына қоныстандырылады:
1. Ақмола облысы;
2. Атырау облысы;
3. Шығыс Қазақстан облысы;
4. Батыс Қазақстан облысы;
5. Қостанай облысы;
6. Павлодар облысы;
7. Солтүстік Қазақстан облысы;
8. Абай облысы.
Ал оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларды мына сегіз өңір қабылдайды:
1. Шығыс Қазақстан облысы;
2. Қостанай облысы;
3. Павлодар облысы;
4. Солтүстік Қазақстан облысы;
5. Қарағанды облысы;
6. Ақмола облысы;
7. Абай облысы;
8. Ұлытау облысы.
Ашық НҚА порталында жарияланған министрлік бұйрығы 21 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.