Алматыда тағы бір дәмхананың террасасы сүрілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Назарбаев даңғылы бойында орналасқан «Здесь и сейчас» кафе-барының жазғы террасасы сот шешімімен бұзылды.
Меншік иесі Bars Holding ЖШС мемлекеттік қордың жеріне рұқсатсыз терраса тұрғызған. 2022 жылғы 28 маусымында қала құрылысын бақылау бөлімі бұл жерді бұзу туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа (ШОК) талап арызбен жүгінген, — деп хабарлады қала әкімдігі.
Сот шешімімен терраса рұқсат етілмеген жерде тұр деп танып, оны бұзу туралы талап арыз толығымен қанағаттандырылған.
2023 жылғы 7 сәуірінде сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.