Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда неке...

Қазақстанда неке жүзіктері бірден 36%-ке қымбаттады

Елімізде бір жылда алтын неке жүзіктері 35,6%-ке қымбаттады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл бұрын сақина бағасы 5,7% ғана өскен еді. Бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: бірден 71,6%-ке өскен. Жетісу (61,7%-ке) және Алматы (60,1%-ке) облыстары да алдыңғы қатарда.

Алтын неке сақиналары Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында 1,5 есеге жуық қымбаттаған. Мұндай сақиналардың құны Ақтөбе (3,7%-ке), Атырау (6,9%-ке) және Батыс Қазақстан (10,7%-ке) облыстарында ең аз өскен, — делінген хабарламада.

Елімізде 2023 жылғы ақпанда зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы бір жылда 33,2%-ке өсті. Бір жыл бұрын өсім 6,2% болған еді.