Мұрат Мұқышев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Алтынғазыұлы Мұқышев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.