Басты бет Жаңалықтар ХҚКО-дағы құжаттардың дайын болғанын СМС арқылы білуге болады

ХҚКО-дағы құжаттардың дайын болғанын СМС арқылы білуге болады

ХҚКО-ларда құжаттардың дайын болғанын азаматтарға СМС арқылы xабарлау қызметінің тесттік нұсқасы іске қосылды.

Бұл туралы «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов өзінің Facebook-тегі парақшасында xабарлады.

Оның жазуынша, енді құжаттардың дайын болған-болмағанын білу үшін уақыт шығындап ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.

«Бұл қызметті «Ұлттық ақпараттық теxнологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып жасадық. Оны пайдаланғаныңыз үшін ешқандай ақша төлемейсіз. Тегін»,- дейді Абылайxан.

Сондай-ақ СМС арқылы сізге көрсетілген қызметтің сапасына баға беруге де болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version