Бұрынғы энергетика министрі Болат Ақшолақов президент кеңесшісі болды.
Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — деп жазылған Ақорданың ресми сайтындағы құжатта.
Президент жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды.