Басты бетЖаңалықтарИндустрия және...

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тағайындалды

Президент жарлығымен Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Марат Қарабаев 1987 жылғы 4 шілдеде дүниеге келген.

2008 жылы Ташкент автомобиль-жол институтын «ғимараттар мен құрылыс салу» мамандығымен бітірген.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін «Өндірісті-жүйелік инженерия» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығын тәмамдаған.

2011 жылғы қаңтар-тамыз аралығында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің тағылымдамашысы, сарапшысы;

2011-2013 жылдары ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы;

2013 жылғы наурыздан қарашаға дейін ҚР көлік және коммуникациялар министрлігі транзиттік және көліктік логистика департаменті транзиттік саясат басқармасының басшысы;

2013-2014 жылдары ОҚО әкімдігі жанындағы «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі;

2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары;

2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы;

2018-2020 жылдары ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда департаменттің функциялары цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді;

2020-2021 жылдары ҚР ИИДМ индустриялық даму комитетінің төрағасы;

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;

2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.