Серік Күдебаев Қазақстанның шекарасынан өтпеген. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі хабарлады.
Қазір көрші мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен бірлесіп, тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижесі кейін жарияланады, — делінген хабарламада.
Қазақстанның шекара қызметі Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың Қазақстан емес, Қырғызстан арқылы Түркияға қашқанын растады.
Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.
Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.