Азамат Есқараев әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды, — деп жазылған құжатта.
Азамат Есқараев 1979 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.
2000-2002 жылдары РК әділет министрлігі заңнама департаментінің бас маманы;
2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы әділет министрлігі заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы;
2003-2005 жылдары ҚР әділет министрлігі заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы;
2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы;
2006-2007 жылдары «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері;
2007 жылы ҚР әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы;
2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы әділет министрінің көмекшісі;
2008-2009 жылдары ҚР әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры;
2009-2014 жылдары ҚР әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры;
2014-2019 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2019 жылғы маусымнан 2023 жылғы қаңтарға дейін – ҚР премьер-министрі кеңсесі заң бөлімінің меңгерушісі;
Биылғы қаңтардың басында әділет министрі қызметіне тағайындалған.