Басты бетЖаңалықтарЕрұлан Жамаубаев...

Ерұлан Жамаубаев вице-премьер – қаржы министрі болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ерұлан Жамаубаев ҚР премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі лауазымына тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерге жауапты:

— қаржы секторы;

— макроэкономикалық саясат;

— бюджет, салық және кеден саясаты;

— мемлекеттік жоспарлау жүйелері;

— тариф саясаты;

— шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

— мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту;

— инвестициялық саясат;

— табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

— статистика;

— жобалық басқаруды дамыту;

— халықаралық қаржы институттарын үйлестіру;

— ұлттық банкпен өзара іс-қимыл;

— Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру;

— бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту;

— экономиканы демонополизациялау;

— орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясат;

— квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және оның портфельдік компанияларының жұмысын реформалау;

— шетелге заңсыз шығарылған қаражат пен сатып алынған активтерді қайтару;

— «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қызметі.