Кейінгі аптада елімізде 2 705 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингінде мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2 705 қылмыс жасалды. Оның 1 620-сы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлерлі ізін суытпай бір кісі өлтіруді, бір өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, бір қарақшылық және 29 тонау, 391 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, — деді министрлік өкілі.