Басты бетЖаңалықтарМұрат Нұртілеу...

Мұрат Нұртілеу премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі болды

Сыртқы істер министрлігіне жаңа басшы болып Мұрат Нұртілеу тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылсын, — делінген хабарламада.

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматыда туған.

1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған;

1998-1999 жылдары — Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі;

1999-2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі;

2003-2004 жылдары — Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы;

2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің кеңесшісі;

2007 жылы — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы;

2007 жылы — Қазақстан Республикасының парламенті сенатының аппараты басшысының орынбасары;

2007-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты аппаратының басшысы;

2011 жылы — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі;

2011 жылы — Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры;

2011-2014 жылдары — Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл;

2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары;

2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы;

2019-2021 жылдары — Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі;

2021-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары;

2022 жылғы қаңтар — Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;

2022 жылғы 1 ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.