Ақмола облысында бір топ азамат ұрланған көлік құралдарын тіркеу және сатумен айналысқан. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Агенттіктің өңірдегі департаменті 2020-2021 жылдар аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстанға заңсыз жолмен көлік құралдарын әкелген азаматтардың әрекетін әшкереледі.
Азаматтар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып, кейіннен оларға жалған құжаттар жасап, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған, — делінген хабарламада.
Сот үкімімен үш азамат сегіз, жеті және алты жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.