Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мұнай...

Қазақстан мұнай өндірісін қысқартады

Қазақстан ОПЕК+ мемлекеттерімен бірге 2023 жылғы мамырдан бастап мұнай өндірісін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.

Мамырдан бастап, яғни 1 айдан кейін Қазақстан, мұнай өндірісін қысқартады.

Ведомство мәліметінше, бұл шара ерікті, ал өндірісті қысқарту жыл соңына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде, елімізде тәулігіне 78 мың баррель мұнай өндіріледі. Бастама «ОПЕК +»-ке мүше басқа елдерімен бірге жүзеге асырылады.

Бұл қысқарту, ұйымның былтыр қазанда өткен 33-министрлік кездесуінде қабылданған шешімге, қосымша ескерту шарасы. Бірақ ерікті бастама, бюджетке және ұлттық қорға түсетін қаражат көлеміне теріс әсер ететіні анық, — делінген хабарламада.