3 сәуірде Алматыда және Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында үсік болады. «Қазгидромет» РМК синоптиктері тағы бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
Алматы облысында солтүстік-шығыс желі, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік болады.
Алматыда 1-3 градус үсік болады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Түнде 2-7 градус үсік сақталады.
Ақтөбе облысының орталығында, шығысында шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болуы мүмкін.
Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с болуы мүмкін.
Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл болады Жел шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, 1-6 градус үсік болады.