Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңілді.
Елена Рыбакина финалда әлемнің 12-ракеткасы Петра Квитовамен ойнады. Қазақстандық теннисші 6:7(14), 2:6 есебімен жеңілді.
Матч 1 сағат 42 минутқа созылды.
Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен.
Осы жолы жеңілгеніне қарамастан, Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалы үшін 650 рейтингтік ұпай мен 662 360 доллар сыйақы алады.
Ал Miami Open-2023 чемпионы Петра Квитова 1 000 рейтингтік ұпай мен 1 262 220 доллар жүлде алады.
Жартылай финалда спортшы әлемнің үшінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуланы жеңді. Сонымен қатар Елена Рыбакина бір жылда үш бірдей ірі жарыстың финалына шыққан алтыншы теннисші атанды.
14-15 сәуірде Елена Рыбакина Астанада қазақстандық команда сапында Билли Жан Кинг кубогында Польша құрамасына қарсы ойнайды.