Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК 1 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Ұлытау облысында түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с болады. 

Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
 

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр, батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақытта 23-28 м/с болуы мүмкін.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының
түнде оңтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Алматыда түнде 1-3 градус үсік күтіледі, ал Алматы облысы Қонаев қаласында түнде 3-5 градус үсік болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.
 
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.