Европаның ірі ритейлер-компаниясы Қазақстан нарығына жол тартты

Тұрғын үй салуға арналған тауармен айналысатын Leroy Merlin компаниясы Қазақстан нарығына да ене бастады. Adeo Groupe компания тобының президенті Дэвид Глассон мен Алматы әкімдігінің инвестрлерге қызмет көрсету орталығы келісім шарт жасасты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Құрылыс аумағы 16 500 шаршы метрді құрайтын үш супермаркеттің бірін 2016 жылдың төртінші жартысында бастап, 2018 жылдың басына қарай бітіру көзделіп отыр. Гипермаркет «Aport Mall» ойын-сауық сауда үйінің ауданында салынбақшы. Компания аталған құрылысқа 10 миллиард теңге бөлмек. Гипермаркетте 350 жұмысшы тұрақты қызмет ететін болады.

Екінші гипермаркет 2020 жылға дейін Алматы-Қапшағай жолының бойында, үшіншісі Құлжа жол бойында салынады деп жоспарланып отыр.

Францияның Leroy Merlin компаниясының гипермаркеттері Испания, Италия, Бразилия, Қытай сынды барлығы 12 елде салынған. 2002-2014 жылдар аралығында компания Ресей нарығында 820 миллион евро инвестициялады. 2015 жылға қарай Ресейде 16 мың жұмысшы қызмет көрсететін 39 дүкен ашылды.

Бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың ақпан айында Қазақстанда тұңғыш рет Carrefour деп аталатын гипермаркет ашылмақ. Ал, алдағы уақытта McDonalds тез тамақтану мейрамханасын ашу жоспарда бар.  Өткен айда Starbucks кофейні ашылған болатын. Мұндай халықаралық маркалардың елімізде қызмет көрсетіп жатқаны, «Ұлт жоспары – жүз нақты қадам» жоспары аясында орындалып жатыр.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елімізде жанармайдың көтерме саудасына шекті баға қойылуы мүмкін

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін. Мұндай бұйрық "Ашық НҚА" сайтына шықты. 

Елден жанармайды 20 литрлік канистрмен шығаруға тыйым салынды

2023 жылғы 20 қаңтарда Энергетика министрлігінің «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы шыққан. Бұйрықта жанармайды елден 20 литрлік канистрмен шығаруға қатысты норма алынып тасталды.

Наурыз тойлау шариғатқа қайшы ма? — ғалымдар пікірі

Наурыз мейрамы мұсылмандыққа қайшы деген пікір бар. Наурыз тойлау халал ма? Бұл туралы ҚМДБ маманы Хасан Аманқұл мен тарихшы, дінтанушы Ернар Атаулан тарқатып айтты.

Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды

Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.

Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК синоптиктері мереке күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Хабарламаға сәйкес, еліміздің басым бөлігі антициклон сілкінісінің ықпалында болады. Күн ашық және жылы болуы мүмкін.