Алматыда заманауи суретшілерге арналған көрме жобаларының байқауы басталды

Жыл соңына дейін Efes Art Space аумағында Қазақстанның заманауи суретшілері, фотографтары, қолөнершілерінің 10 көрмесі өтеді.

Қазылар алқасы бірнеше номинация бойынша үздік жобаларды таңдайды. Жеңімпаз 500 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болады. Фотосурет саласындағы жұмысын бірінші болып жалпы тәжірибелік дәрігер Алибек Полатбеков таныстырды.

Efes Art Space алматылық платформасы қазіргі заманның жас суретшілері мен өнер майталмандарының көрмелері ұсынылатын жаңа маусымының ашылғаны туралы хабарлайды. Наурыз бен желтоқсан айларында 300 үміткерден тұратын кәсіби қазылар алқасы таңдаған 10 жобаның көрмесі өтеді. Efes Art Space Award финалистерінің жұмыстарын ұсынумен қатар, қонақтар тұрақты түрде шеберлік сабақтарына, қойылымдарға, лекцияларға және интерактивті іс-шараларға қатыса алады.

2023 жылдың алғашқы көрмесінде Алибек Полатбековтің фотосуреттерінің экспозициясы болады. Алибек қазіргі таңда «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша интернатурада білім алуда. Сонымен қатар Алибек музыка жазып, суретке түсіреді.

Көрме жобасының мақсаты — импровизацияның маңызын, өзгеше ойлау қабілетін көрсету. Өңдеу  кезінде түстерді түзетіп, шығармашылық кезеңде жеке көзқарасы туралы айтып беру. Ғылыми-медициналық орта мен өнердегі жұмысты біріктірудің жеке тәжірибесімен бөлісу, — деді Алибек Полатбеков.

көрме
Фото: Efes Art Space

Ай сайын Efes Art Space Award қатысушылары өз туындылары арқылы қазақстандықтар өмірінің әр түрлі әлеуметтік, экологиялық және тарихи аспектілерін көрсетеді. Келесі көрмелердің тақырыптары да белгілі: қазіргі әлемдегі әйелдер, инклюзия, ата-бабаларды зерттеу, кәсіптің адамға әсері, Қазақстандағы экологиялық проблемалар және т.б.

Біз Efes Kazakhstan компаниясында қазіргі қазақстандық суретшілерді қолдайтын жобаның бастамасын жалғастырамыз және серіктестік үшін Art&creative Solutions қоғамдық қорына алғысымызды білдіреміз. Биыл біз музыкалық қойылыммен фотосурет, кескіндеме, керамика және зергерлік бұйымдардан бастап авторлық шығармалар мен цифрлық картиналарды оқу арқылы мультимедиялық жобалар секілді маңызды әлеуметтік тақырыптарды әр түрлі жанрлар мен тәсілдер арқылы ашуға көбірек мүмкіндік бергіміз келеді. Суретшілер өз идеяларын білдіруде шектеу жоқ, сондықтан көрмеге келушілер толығымен түсіну арқылы мүлдем ерекше өнер тәжірибесіне ие бола алады, — деді маркетинг директоры Зейнеп Эркан Альп.