ТЖД алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады

1 сәуірде Алматының таулы аймақтарында аяз болады. Бұл туралы Алматының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

ТЖД мен «Қазгидрометтің» ескертуі бойынша, Алматы тауларында қатты жауын-шашын болады, желдің екпіні секундына 17-22 метрге, кей жерлерде секундына 30 метр және одан да көп болуы мүмкін. 1 сәуірде түнде 1-6 градус аяз болады.

Алматының төтенше жағдайлар департаменті осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары таулы аймақтарда серуендеуден бас тартуы керек екенін ескертеді.

Сонымен қатар тауда жүрген туристерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз! Көмек қажет болса, мына телефондарға хабарласыңыз: 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Аллергиядан толық емделуге бола ма? Маман жауап берді

Аллергиядан түбегейлі емделуге бола ма? Ол неден пайда болады? Аллергияға көп шалдығатындарк кімдер? Бұл сұрақтарға аллерголог Ұлдана Қапалбекова жауап берді. Аллергия неден пайда болады? 

Президент интернеттегі авторлық құқықты сақтау туралы заңды ратификациялады

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД шеңберінде интернеттегі авторлық құқықты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Мәдениет саласының қызметкерлері қосымша төлем алады

Қазақстанда балет, би ансамбльдерінің, мемлекеттік цирк артистері мен үрмелі аспаптар оркестрлерінің музыканттары ай сайын әлеуметтік көмек алады.

Қазақстандық фотографтар HUAWEI P60 смартфоны сериясына Алматы көрінісін түсірді

Huawei компаниясы танымал қазақстандық фотографтардың Алматы бейнеленген мобайл суреттер көрмесін таныстырды. Авторлар барлық фотоны P сериясының флагмандары - HUAWEI P60 және HUAWEI P60 Pro смартфондарына түсірген.

Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты Қазақстандағы барлық шектеу алынды

COVID-19 пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық карантиндік шектеу алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қызылжар-Сүт» фермасына барды

Президентке сүт фермасындағы сауын цехы және мал бордақылау алаңы көрсетіліп, осы кешенде қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды.