Қазақстан бочча федерациясы халықаралық федерацияның құрамына енді

Қазақстан бочча федерациясы ресми түрде Boccia International Sports Federation (BISFed) – халықаралық бочча федерациясының мүшесі болды.

Енді отандық федерацияның өкілдері бочча бойынша челленджерлер, әлем чемпионаттары, паралимпиада ойындары, Азия паралимпиада ойындары сияқты халықаралық жарыстарға қатыса алады.

Биыл Қазақстан бочча федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының сегіз мүшесіне үш халықаралық жарысқа, нақты айтқанда, екі халықаралық челленджерге және Азия паралимпиада ойындарына қатысуға өтінім беруді жоспарлап отыр. Азия паралимпиадасы 2023 жылғы қазан айында Қытайда, ал паралимпиада 2024 жылы Парижде өтеді.

Қазақстан бочча федерациясы
Фото: Қазақстан бочча федерациясы

Бұл – инклюзивті спорт түрлерінің дамуына мүдделі кез келген адам үшін үлкен жеңіс. Осылайша мүгедектігі бар спортшыларға жаңа мүмкіндіктер туып отыр. Біздің жарыстарымызға көбіне ерекше балалар қатысады. Енді олардың алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болды. Сонымен қатар жас спортшылар үшін бұл ортаға бейімделуге, дос табуға және жаңа тәжірибе алуға зор септігін тигізеді. Халықаралық федерацияға мүше болу біздің ерекше спортшыларымыздың деңгейі мен еңбегінің әлемдік деңгейде мойындалуы екені сөзсіз, – деді ҚР парламенті сенатының төрағасы және Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, биыл маусым айында Қазақстан бочча федерациясы боччадан Қазақстан чемпионатын өткізеді. Соның нәтижесін бойынша Қазақстан құрамасы жасақталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыда адамдарды кім құтқарады? Шұғыл топтың жұмысынан фоторепортаж

Baribar.kz тілшілері Алматының құтқару қызметі мекемесіне барып, құтқарушылардың жұмыс күні қалай өтетінін біліп қайтты.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы ЖЕЭК шағын құрамдағы отырысына қатысты

Президент жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

БҚО-да 6,0 млрд теңгеге 4 сүт-тауарлы фермасын салу жоспарлануда

БҚО-да 6,0 млрд теңгеге 4 сүт-тауарлы фермасын салу жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нариман Төреғалиев баяндап өтті.

Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды

Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

Биыл 635 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын екі есе ұлғайту көзделіп отыр.