Басты бет Жаңалықтар Варшавада қазақ көшесі бар

Варшавада қазақ көшесі бар

Алматыдағы Польшаның бас консульдығы өзінің Фейсбуктағы парақшасында Варшавадағы Қазақ көшесінің суреттерін жария етті.

«Ол поляк астанасының ең қымбат әрі ең сұлу аудандарының бірі Вилановта орналасқан. Қазақ көшесіне тақау жерде Варшаваның ең үлкен көрікті жері король Ян ІІІ Собесскийдің бұрынғы жазғы резиденциясы Вилянувский сарайы орналасқан», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Варшавадағы ең қымбат аудандардың біріндегі көшеге Қазақ атауы 2006 жылдың шілде айында берілген болатын. Поляк елордасы билігінің пайымынша, Қазақ көшесі бұл Варшаваның Қазақстан Астанасына деген нышандық сыйы, сонымен қатар жер аударылған поляктарға көмек беріп, қамқорлық танытқан қазақ халқына деген алғысы.

Айта кетерлігі, Қазақ атауы берілген көшелер Ресейдің Волгоград, Орынбор, Дондағы Ростов, Қазан, Пермь қалаларында, сондай-ақ Түркия жәнеТәжікстан елдерінде де бар.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version