Басты бетЖаңалықтарЖеңіс Қасымбек:...

Жеңіс Қасымбек: LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтынын мәлімдеді.

БАҚ өкілдері әкімнен LRT құрылысын қандай мердігер жалғастыратынын сұрады.

Бас мердігер – Қытай компаниясы. Сол компания LRT құрылысын әрі қарай сала береді, — деді әкім кәсіпкерлермен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол вагондарға да бас мердігер тапсырыс беретінін айтып өтті.

Вагондарға да Қытай компаниясы тапсырыс береді. Бас мердігер белгілі болғандықтан, нысанды өзі аяғына дейін жеткізеді, — деді Жеңіс Қасымбек.