Басты бетЖаңалықтарПрезидент мәжілістегі...

Президент мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесуде мемлекет басшысы Конституцияның 44-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға Amanat партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров, Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

Айта кетейік, осыған дейін Amanat партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды.