Елнұр Бейсенбаев мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының жетекшісі болды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Жиын барысында оның кандидатурасын партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады.
Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Парламент мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды. Биылғы 4 қаңтардан бастап Amanat партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.