Үкімет пен парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Бұл туралы мемлекет басшысы VIII сайланған ҚР парламентінің бірінші сессиясында айтты.
Тағы бір маңызды мәселе – үкімет және парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек.
Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ, — деді мемлекет басшысы.