Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекітті

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының тізімін жариялады.

Қазақстан халық партиясының орталық кеңсесінде партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың басшылығымен саяси бюроның кезектен тыс отырысы өтті.

Басқосу барысында партиялық тізім бойынша VIII шақырылымдағы ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына сайланған кандидаттарға депутаттық мандат бөлінді.

Саяси бюро мүшелері депутаттық топ құрамын жасақтауға қатысты шешім қабылдаған кезде әйелдер мен жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген міндетті квотаны ерекше назарда ұстады.

Нәтижесінде мәжілісті сайлауға партиялық тізіммен ұсынылған тәжірибелі саясаткерлер Магеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова, көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі Гаухар Танашева, параолимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы Кенжеғұл Сейтжан және жастар квотасы бойынша Ислам Сұңқар сынды кандидаттар мандатқа ие болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 26 мамырға арналған бағамын белгіледі.

Римде қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамалары таныстырылды

Қазақстанның елшілігінде «Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында» тақырыбында қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларымен таныстырды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана әуежайының ұшу жолағы не үшін жабылады? Министрлік түсіндірді

31 мамыр мен 7 маусым күндері Астана әуежайының ұшу жолағы сағат 13:20-дан 17:20-ға дейін жабық болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

Оралда репрессия құрбандары туралы тоғыз кітап жарық көрді

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Батыс Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін саясатының нәтижелері: тарих пен тағдыр» тақырыбында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.