Басты бетЖаңалықтарҚарақат Әбілдина:...

Қарақат Әбілдина: Көктемде бесінші баламды дүниеге әкелемін

«Менің анам 16 құрсақ көтерген. Көпбалалы отбасында, ауылда өстім. Анам өте қарапайым жан, ер азаматының жағдайын жасап, үйдің берекесін келтіріп отырған. Анам өмір бойы қызмет істемесе де, ерінің қас қабағына қарап, бала-шағасын бағып-қақты. Әкем ел басқарған абыройлы азамат болды. Алтын тойларына жетпей, он жыл бұрын дүниеден озды. Қазір немересі мен шөбересінің санынан шатастық. Құдайға шүкір, бармыз»,-деді Қарақат.

Қарақат Әбілдина өзінің әулетіндегі 16 баланың ішінде өзі ғана көпбалалы ана атанып отырғанын айтты.

«Менің биыл көктемде жақсы жаңалық күтіп отырған жағдайым бар. Төрт ұлым барын білесіздер, сондықтан жақсы жаңалық күтіп отырмын, жақсы ниеттемін»,-деді әнші.

ДереккөзInform.kz