Мереке қарсаңында Астанаға 9 тонна гүл әкелінген

8 наурыз мерекесінің қарсаңында Астана қаласына 9 тонна гүл әкелінген.

Гүлдер

1 наурыздан бері Астанаға ұшақпен құны 31 миллион теңге болатын гүл жеткізілген. Мұндай деректі «Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мекеме деректеріне сүйенсек, Астанаға жалпы салмағы 8,6 тонна қызғалдақ, раушан, қалампыр, бақытгүл, лалагүл, гербер және орхидея гүлдері жеткізілген. Гүлдер Эквадордан, Кениядан, Нидерланды, Израиль, Литва және өзге елдерде өсірілген.

Салыстырып қарағанда, қаңтар-ақпан айларында Астанаға жалпы сомасы 13,5 миллион теңгеге 10 әуе компаниясы гүл тасымалдаған. Гүлдердің жалпы салмағы 6,3 тонна болған.

Айта кетейік, жыл сайын Қазақстанда 8 наурыз қарсаңында ондаған миллион доллардан астам сомаға гүл сатылады.