Астана мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы шықты

Астана мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы жарияланды.

Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бахыт Бектемісова ұсынған дерек бойынша, елордада 788 931 сайлаушы тіркелген, оның ішінде 332 694 адам дауыс беруге келген.

Комиссия қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 68,78% немесе 227 307 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 0,65% немесе 2 197 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 1,63% немесе 5 401 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 5,12% немесе 18 174 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 5,49% немесе 18 154 адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 19,96% немесе 56 045 адам дауыс берді;

Ал 3 269 адам «Бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

Бес және одан да көп процентін алған саяси партиялар үшін мандаттар былай бөлінді: Amanat партиясы – 12 мандат, Қазақстан халық партиясы – 1 мандат, «Байтақ» жасылдар партиясы – 1 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 3 мандат, — деді Бахыт Бектемісова.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Оқу-ағарту министрлігі оқулықты ерте өткізу фактілерін тексереді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқулықты 31 мамырға дейін тапсыру туралы шағымдарға жауап берді.

Алматы спорт басқармасының бұрынғы басшысы 4,5 жылға сотталды

Медеу аудандық №2 соты Алматы спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов пен оның қарамағындағыларға үкім шығарды.

Жетісу облысында малшылар кооперациясын құру жоспарланып отыр

"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша Жетісу облысына ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін 3,2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Абай облысында төрт күн бұрын басталған өрт сөндірілді

Абай облысында төрт күн бұрын басталған ормандағы өрт сөндірілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қандай көмек беріледі?

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі саяси қуғын-сүргін құрбандарына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы хабарлады.

Алматыда тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс сүрілді

Алматыда тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс сүрілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.