Президент шахматшы Динара Сәдуақасованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысына Динара Сәдуақасова елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және келешектегі жоспары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады.

Президент Динара Сәдуақасованы былтыр жыл соңында Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың рапид түрінен күміс медальға қол жеткізуімен тағы да құттықтап, шахматшыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шахматшыға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Зияны аз әрі қоқыс шықпайды»: ASUS Zenbook S 13 OLED ноутбугының несі тиімді?

ASUS дүниежүзіндегі ең жұқа әрі жеңіл нотубуктың бірі, экологияға зияны әлдеқайда аз, кез келген жерде қолдануға болатын Zenbook S 13 OLED (UX5304) ноутбугын шығарды.

Атырауда жалған нөмір таққан көліктің 86 айыппұлы бар болып шықты

Атыраулық жүргізуші 86 айыппұлы төленбеген, мемлекеттік белгісі жалған көлікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Үкіметте газ саласын дамытудың мәселелері қаралды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі БҚО-ның әлеуетімен танысты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев екі күндік жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болды.

Президент «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалін бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық валюта – теңгенің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған мерекелік медальді бекіту туралы жарлыққа қол қойды.

Президент интернеттегі авторлық құқықты сақтау туралы заңды ратификациялады

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД шеңберінде интернеттегі авторлық құқықты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.