Қытайлық компания құран оқи алатын қалам шығарды

Қытайлық Emac компаниясы Құран оқитын қалам шығарды.

Құран Кәрімді оқуға арналған ерекше қалам кең сұранысқа ие екен.

Құрылғыны жасап шығарған мамандар Quran ReadPen PQ15 қаламының Құран оқуда, жаттауда таптырмас көмекші екенін жазады. Қаламның ұшын кітаптағы қалаған жолыңызға тигізсеңіз болғаны, мәтінін Құран оқушылардың бірінің даусымен оқиды. Онда 18 қаридың дауысы жазылған.

Қаламды сүрелерді түрлі тілдерге де аударып оқып береді. Олардың қатарында қазақ, орыс тілдері де бар. Сондай-ақ ол Құранның жекелеген сөздерін, аяттарын, сүрелерін, тұтас беттің өзін оқи алады. Тек араб тіліндегі түпнұсқасын оқу және таңдалған тілдегі мағыналық тәржімесін оқу, тек тәржімесін оқу секілді оқылуының әр алуан түрі бар.

Қалам көмегімен араб тілін, намаз оқуды үйреніп, күнделікті өмірде қажет дұғаларды оқып, жаттауға болады.

ДереккөзAkjolgazeti.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз