Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен Хусейнмен сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит корольдігінің королі II Абдалла бен Хусейнмен телефонмен сөйлесті. Мемлекет басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Сонымен қатар екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.