Төрт өңірде қар еріп, өзен суы көтерілуі мүмкін

«Қазгидромет» РМК күннің жылынуына байланысты төрт өңірде қар еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

Синоптиктер Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 23 мен 25 наурыз күндері қардың жылдам еруін болжап отыр.

Ауа температурасының жоғарылауынан бұл өңірлерде қар ериді, өзендерде мұз қабаты әлсіреп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. Жергілікті жолдарды еріген қар суы шайып, су басуы ықтимал.

Ұлытау облысында мұндай құбылыс Ұлытау ауданының солтүстігі мен Жаңаарқа ауданында болады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Таиландта қаза болған екі қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі

Таиландта қаза болған екі қазақстандықтың денесі жақын арада елге жеткізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Бүгін мемлекет басшысы үш маңызды кездесу өткізеді

Ақорданың ресми сайты бүгін мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланғанын мәлімдеді.

Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Go Viral фестивалі алғаш рет Астанада өтеді

Go Viral 2017 жылдан бері Орталық Азия елдерінде фестивальдер өткізіп келеді. Биыл алғаш рет 23-24 маусымда Астанада өтеді.

Жазушы Бейбіт Сарыбай: Балаларым мінезімді өзгертті

"Әке мен бала" айдарының қонағы - жазушы Бейбіт Сарыбай. Baribar тілшілері демалыста жазушының үйіне барып, отбасымен әңгімелесіп қайтты.

Тұрғылықты жері бойынша мобайл қолданба арқылы тіркелуге болады

Қазақстанда банктің мобайл қолданбасы арқылы тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркелуге болады.