Жел, тұман, жауын-шашынға байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері елдің 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 1-6 градус жылы болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болуы мүмкін.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жабысқақ қар, жаңбыр), көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9, облыстың солтүстігінде 1 жылы.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болуы мүмкін. Ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы болады.