Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Біз жастарымызға қамқор болып, оларға барынша жағдай жасаймыз. Мен жастарға сенемін! Оларға зор үміт артамын! Ел болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Ендеше, туған елімізді бірге дамытайық, ағайын! «Бірлік түбі – береке» дейді халқымыз» — деді президент елордадағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда өтіп жатқан Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара барысында.

Мемлекет басшысы жиылғандарды Рамазан келуімен құттықтап, тілегін айтты.

Биыл қасиетті Рамазан айы Ұлыстың ұлы күнімен қатар келді. Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, бақ дарысын! Жаңа жыл құт-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыда адамдарды кім құтқарады? Шұғыл топтың жұмысынан фоторепортаж

Baribar.kz тілшілері Алматының құтқару қызметі мекемесіне барып, құтқарушылардың жұмыс күні қалай өтетінін біліп қайтты.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақордның Telegram каналы хабарлады. 

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін бағалады

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің «BBB» деңгейінде екенін растады, болжам – "тұрақты".Агенттіктің мәліметінше, активтердің едәуір активтері бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қазақстанда тиімсіз тыйымдарға қарсы петиция басталды  

Tastau.qaz қоғамдастығының негізін салушы, журналист Татьяна Фоминова вейпке тыйым салу сияқты жұмыс істемейтін түзетулерді заңға енгізудің орнына қолданыстағы заңнаманы реттеп, сол арқылы мәселені шешуді үндейтін петицияны бастады.

Зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-дағы барлық жинақ ақшасын шеше алады

Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы ақшасын үй сатып алуға немесе емделуге ала алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.