Алматыдан 360 шақырым жерде жер сілкінді

Сейсмологтар сағат 00:38-де Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі мамандарының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3.

MPV магнитудасы 5,1. Эпицентр координаттары 44,22° солтүстік 81,15°Ш. Тереңдігі 15 км.

Бұған дейін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 591 шақырым жерде Тәжікстан аумағында жерасты дүмпулері болған. Сейсмологтардың мәліметінше, тербеліс 2023 жылғы 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 23:07-де болған. Алматы аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Римде қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамалары таныстырылды

Қазақстанның елшілігінде «Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында» тақырыбында қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларымен таныстырды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Агенттік TikTok-та тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі TikTok желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады.

Fly Arystan мен Air Astana-ның бөлінуі билет бағасына қалай әсер етеді?

Air Astanа әуекомпаниясының президенті Питер Фостер Fly Arystan Air Astanа-дан бөлінсе, онда тарифтер төмендемейтінін мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыда Damubala жобасына 16,2 миллиард теңге бөлінді

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр

Елімізде атом энергетикасын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.