Жастар үні: Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген

Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген. Бұл туралы бүгін «Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогының өкілдері есеп беру баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Оған журналистер Ерқанат Көпжасарұлы, Ақбопе Тәңірберген, Нұрсұлтан Құрман және жас депутат Дәулет Мұқаев қатысты.

Блок 20 ақпанда Алматыда құрылды. Жастардың мәжіліс пен мәслихаттардағы өкілдігі 30% квотаны жабу үшін ғана емес, жас кандидаттарға қолдау көрсету идеясы бізді алға тартты. Бүгінгі таңда 100-ден астам жастарға қолдау көрсетілді. Ең бастысы, біз оларды партиялар немесе салалар бойынша бөлмей, барлық жүгінген кандидаттарға көмектестік. Әрине, біздің аудиториямыз бар болғандықтан, негізінен әлеуметтік желілерде ақпараттық қолдау көрсетілді. Жұмысымыздың маңызды көрсеткіштерінің бірі — жас кандидат, қоғамдық пікір көшбасшысы Дәулет Мұқаевтың жеңісі, — деді журналист Ерқанат Көпжасарұлы.

журналистер, БАҚ
Фото: Жастар үні

«Жастар үні» бастамашыларының бірі Ақбопе Тәңірберген партиялық тізімдерде жас кандидаттардың өкілдігі туралы статистиканы келтіріп, блоктың жұмысы жалғасатынын айтып өтті.

Кеше біз де барлығымен бірге алаңдап, атқарылған жұмыстың көрінісі болады ма екен деп, нәтижелерді күттік. «Жастар үні» партияға қатыстылығына қарамастан өтініш білдіргендердің барлығына қолдау көрсетті. Бірақ біз өзіміз үшін партиялық тізімдерде жас кандидаттардың ұсынылуы бойынша статистика жасадық. Мысалы, 19 адамның ішінен бір жас кандидат Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия тізімінде, «Ақ жол» — 54 адамның 6-сы, «Байтақ» — 18-ден 1-і, «Республика» — 25-тен 5-і, Amanat — 90-нан 17-сі, «Халық партиясы» 52-ден 3-ін ұсынды, «Ауыл» партиясы — 25-тен 9-ы. Көрсеткіштер бар, енді біз бұл жас үміткерлердің экзит пуллдың соңғы нәтижелеріне сәйкес тізімге енгізілуі бойынша бақылаймыз, — дейді ол.

Сонымен қатар блок өкілдері қазіргі уақытта қандай жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы айтты.

Нұрсұлтан Құрман
Фото: Жастар үні

Қазір біз хаттамаларды тексеріп, партиялық тізімдердің жариялануын күтіп отырмыз. Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өткім келеді, өйткені оларды жас сайлаушылар, қоғамдық пікір көшбасшылары қолдайды. Олар шынымен де парламентке жаңашылдық әкелетініне және заң шығарушы органдарды «оята алатынына» сенімдіміз, — дейді Нұрсұлтан Құрман.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы прокуратурасы тұрғындарға үндеу жасады

Алматы прокуратурасы митиң өткізу туралы жалған хабарламаларға қатысты тұрғындарға ескерту жасады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық фотографтар HUAWEI P60 смартфоны сериясына Алматы көрінісін түсірді

Huawei компаниясы танымал қазақстандық фотографтардың Алматы бейнеленген мобайл суреттер көрмесін таныстырды. Авторлар барлық фотоны P сериясының флагмандары - HUAWEI P60 және HUAWEI P60 Pro смартфондарына түсірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Марат Қарабаев: Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар

Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Астанада бірнеше автобустың жол бағыты уақытша өзгереді

«City Transportation Systems» ЖШС Астанада үш автобустың бағыты уақытша өзгеретінін хабарлады.

Мемлекет басшысы ЖЕЭК шағын құрамдағы отырысына қатысты

Президент жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.