Егер адам әлеуметтік желіде күніне екі сағаттан көп отырса, оның бойында жалғыздыққа сезімі екі өсе өседі, дейді америкалық псиxологтар. Өйткені, әлеуметтік парақшалардағы адамдардың өміріне қызығып, өзін нашар сезінуі мүмкін.
Сауалнамаға 19-32 жас аралығындағы екі мың адам қатысқан.
Зерттеу авторларының бірі, Питтсбург университетінің профессоры Элизабет Миллер бұл тұжырым әлі нақтыланбағанын, тек болжам екенін айтады.
«Мүмкін, жастар өзін жалғыз сезінген соң әлеуметтік желілерге кіретін шығар. Немесе әлеуметтік желіде көп отыру арқылы шынайы өмірден алыстайды»,- дейді ол.
Питтсбург университетінің профессоры Брайан Примактың айтуынша, қазіргі технологиялар қарым-қатынасты оңтайландырмайды, керісінше қиындатады екен.
«Былай қарағанда, әлеуметтік желілер адамдарды қарым-қатынасқа итермелейтін сияқты көрінеді. Алайда, біздің зерттеу көрсеткендей, ол проблеманы адамдар шеше алмайды екен»,- дейді Примак.