Басты бет Жаңалықтар 8 наурызда ұстаздарға гүл сыйлауға тыйым салынғаны рас па?

8 наурызда ұстаздарға гүл сыйлауға тыйым салынғаны рас па?

Соңғы кезде әлеуметтік желі қолданушылары 8 наурыз мерекесінде ұстаздарға гүл сыйлауға тыйым салынғанын жарыса жазып жатыр. Алайда Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева бұл хабарламаны жоққа шығарды.

«Қазіргі уақытта ата-аналар тарапынан көптеген сұрақ мен қоңырау түсіп жатыр, сайтымызға жазып жатыр. Мұғалімдерге мереке қарсаңында гүл сыйлауға тыйым салынды деген жарлық болған емес, болмайды да. Министрліктің тарапынан мұндай тыйым салу болған емес. Мұны ресми түрде айтамыз», — деді Эльмира Суханбердиева.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version